Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау” Қазақстандық халықаралық көрмесі

21-23 ҚАЗАН 2020

Алматы, Қазақстан

POWEREXPO ALMATY 2020

19-ШЫ “ЭНЕРГЕТИКА, ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МАШИНА ЖАСАУ” ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

2001 жылдан бастап Powerexpo Almaty қазақстандық халықаралық көрмесі жыл сайын мамандардың назарына энергетика саласына арналған ең заманауи жабдықтарды, технологияларды және қызметтерді ұсынады, бұнысымен іскерлік кездесулердің, тәжірибе алмасулардың, жаңа байланыс орнату және келіссөздер жүргізудің дәстүрлі алаңы болды.

Көрме ресми түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі; Алматы қаласының әкімдігі; “Самұрық Энерго” АҚ; Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы “KEGOC” АҚ; Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы - ҚЭҚ; Қазақстандық энергия аудиторлар қауымдастығы және Инженер-энергетиктер одағының қолдауымен ұйымдастырылды.

2012 жылы Дүниежүзілік көрме индустриясының қауымдастығы тарапынан (UFI) Power Kazakhstan  (бұл жерде Powerexpo Almaty) көрмесіне «UFI Approved Event» таңбасы берілді, бұл шараның қосымша халықаралық мәртебесін бекітті.

Powerexpo Almaty  көрмесіне қатысуға ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері, монтаждық және жобалық-конструкторлық ұйымдар; электротехникалық жабдықтардың; кабелді-өткізгіш өнімдердің; басқару, байланыс, релелік қорғаныс және автоматика жүйелерінің; диагностика және өлшеу құралдардың; жарық техникалық өнімдердің өндірісшілері және жеткізушілері шақырылады.

Powerexpo Almaty 2019 көрмесіне әлемнің 13 елінен 118 компания қатысты, олардың қатарында Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Ресей, Сингапур, Украина, Чех Республикасы бар.

Ресей, Қытай және Польшадан келген компаниялар ұлттық стендтерін ұсынды.

Powerexpo Almaty келушілері - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан қалаларынан арнайы шақырылған делегацияларды қамтыған кәсіби аудитория, оның ішінде мемлекеттік құрылымдардың және мекемелердің өкілдері, ЖЭК кәсіпорындарының және инженерлік-техникалық қызметтердің басшылары; АЭК, ЖЭО, ГЭС басшылары, түрлі салалардағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен коммуналдық шаруашылықтардың бас инженерлері және энергетиктері;  жобалаушы, құрылыс, монтаждық ұйымдардың өкілдері; көліктік, сервистік және сауда кәсіпорындарының мамандары бар.