Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау” Қазақстандық халықаралық көрмесі

28-30 қыркүйек 2022

Алматы, Қазақстан

POWEREXPO ALMATY 2021: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ АЛДАҒЫ ДАМУЫ.

2021 жылдың күзінде Алматыда «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау» PоwerExpo Almaty 2021 19-шы Қазақстандық халықаралық көрме өтті. Үш күн жұмыс аралығында көрме алаңқайына 1 431 маман келді, олардың арасында салалық сарапшылар, мемлекеттік аппарат өкілдері және индустрия кәсіпқойлары болды.

Бұдан бұрын мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басым міндеттердің бірі екендігін атап айтқан. Энергияны тұтыну қарқыны Қазақстанда жылдан-жылға өсуде, ал жаңа энергия көздері елдің өсу қарқынына сәйкес емес. Шын мәнінде, елдің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты. Қазақстан жаңғырмалы және балама энергия көздерін дамытуға тұрақты бағыт алды. Еліміз  ЖЭК-нің сапалы өсуіне қол жеткізді, жалпы энерго теңгерілім құрылымында оның үлесі  3% деңгейге жетті.

PS02

Еліміздің одан ары дамуы үшін энергетикалық кешеннің ерекше маңыздылығын назарға алып, 2021 жылғы көрме алаңқайында энергиямен қамтамасыз ету, ЖЭК дамыту және оның энергиялық тиімділігін арттыру  талқылаудың негізгі тақырыбына айналды. Әлемнің 10 мемлекетінің (Австрия, Беларусь, Германия, Казахстан, Қытай, Молдова, Ресей, Словакия, АҚШ және Чех Республикасы) 77 компаниясы бірегей бағдарламаларды әзірледі, энергетика, жарықтандыру техникасы мен энергияны сақтау саласында инновациялық шешімдерді ұсынды. Молдованың Horus Energy, АҚШ-тың Altec Worldwide, Германияның ETW Energietechnik, Словакияның KIWA SK, S. R. O.  сынды компаниялары 2021 жылдың экспоненттері қатарына енді.

«Жасыл экономика» мен елдің энергетикалық кешенін декорбанизациялау мен экологияландыру жағына қарай түрлендіруге жоспарлы түрде көшуді негізге алған ЖЭК ұсынушы көптеген компаниялар экспозицияға қатысты. Helios PV(KZ), Tree Energy, Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс  Университеті энергетики и связи имени Галактика, Cink Hydro компаниялары көрмеде қуаты төмен жаңғыртылған электроэнергия көздерін, сонымен қатар жел және су электростанцияларын ұсынды. Ресей компаниялары жалпы қатысушылар санының  50% құрады. Мәскеу, Краснояр аймағы, Чуваш Республикасы, Мәскеу облысы мен Поволжье ұжымдық стендтерін ұсынды.

PS03

2021 жылдың қазан айында ҚР энергетика Министрлігімен Қазақстанның 2035 жылға дейінгі электроэнергетикалық саласының дамуының болжамдық теңгерімі жасалған болатын. Алдыңғы онжылдықта электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсетіні күтілуде, осыған байланысты ЖЭК есебінен генерациялау,  көлемін ұлғайту, сондай-ақ газды және су электростанцияларын өсіру жоспарлануда. Саланың ағымдағы тұтынуын ескеріп, энергетика қазірдің өзінде қажетті трансформацияларға дайын болуы тиіс.

Жаңа мүмкіншілдіктер мен көміртектік бейтараптық мәселелерін қолдауға сәйкес, тақырытық семинарлар мен дөңгелек үстелдер шеңберінде салалық мәселелерді шешуге арналған мәселелер  төңірегінде сөз қозғалды.

Көрменің бірінші күнінде, 27 қазанда, «Көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу бойынша бірлескен іс-әрекеттер» тақырыбына Дөңгелек үстел ұйымдастырылды, ұйымдастырушысы ҚР индустрия және инфрақұрылымдарын дамыту министрлігі «Электрэнергетиксы мен энергияны сақтауды дамыту Институты» эколгияны сқтау, НДТ прициптеріне, қолжетімді және тиімді технологияларды енгізуге бағытталған басымдықтарға  көшу және қалдықтарды сауатты басқару олардың негізігі бастамаларына айналды.

Қазақстанның жетекші компаниялары, атап айтқанда ЭКРА КАЗАХСТАН» және  «АМАКС» тақырыптық семинарлар өткізді, онда олар сандық подстанцияларды, замануи газбен қамтамасыз етудегі («АМАКС») сандық қазандықтар жүйелерін («ЭКРА КАЗАХСТАН») жабдықтау және пайдалану  саласында өздерінің техникалық туындыларын ұсынды.

PS01

Көрменің екінші күніндегі іскерлік бағдарлама «Казахстанская Ассоциация Энергоудиторов» ОЮЛ ұйымдастырған энергоаудит семинарына арналды. Энергияны сақтау және энергияның тиімділігі, энергетикалық аудит жүргізу бойынша негізгі стандарттарды қолдану, цифрландыруды энергияны сақтау құралы ретінде қолдану, энергетикалық секторда «жасыл экономика» мен 4.0 Индустрияны дамыту мәселелері аудиторияның ерекше назарына ілікті.

PоwerExpo Almaty 2021 көрмесі тағы да сұраныстағы салалық шараға айналды, оның алаңқайында алдағы жылдар үшін саланың одан ары даму векторлары анықталады.

PS04

2022 жылы PоwerExpo Almaty 28-30 қыркүйек аралығында «Мұнай және Газ» -  KIOGE ірі жобасымен қатарлас өтеді. Германияның Федералдық экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігі және AUMA PоwerExpo Almaty 2022 көрмесін өзінің көрмелік жоспарына енгізді және неміс тобының қатысуын растады.

Қазақстандық  Iteca көрме компаниясы  PоwerExpo Almaty 2022 көрмесінің ұйымдастырушысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігі, Алматы қаласыынң әкімшілігі, «Самұрық-Энерго» АҚ, элекктр жүйелері басқару бойынша Қазақстандық компания  «KEGOC» АҚ, Қазақстандық Электроэнергиялық Ассоциация – КЭА, Қазақстан респуликасының инженер –энергетиктерінің Одағы, «Энергоаудиторлардың Қазақстандық Ассоциациясы» ОЮЛ ресми түрде қолдау көрсетті.