22-ші Қазақстандық Халықаралық "Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау" көрмесі

Powerexpo Almaty 2021-де энергетикалық секторды одан әрі дамыту перспективалары.

27-29 қазан аралығында «Атакент» көрме орталығында 19-шы Қазақстандық Халықаралық Pоwerexpo Almaty 2021 - «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау» көрмесі өтеді.

Электр энергетикасы бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы үшін базалық сала болып қалуда. Энергетикалық сектордың тиімді дамуы және тұрақты жұмыс істеуі экономика өсімінің негізі және инвестицияларды тартудың ажырамас факторы болып табылады. Әрине, энергетикалық кешен үшін жаңа жаһандық сын-қатердің уақыты келді. COVID-19 пандемиясы елдің энергетикасына қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де әсер етті. 2021 жылы Қазақстан Президенті Қасым-жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзінде атап өткендей: «Энергетика секторы айтарлықтай реформаларды талап ететіні анық. Дағдарыстан кейін ол бірдей болмайды. Орта мерзімді кезеңде «жасыл энергетика» жағына қарай қозғалу - шұғыл қажеттілік болып табылады». Жаһандық трендтер экономиканы ғана емес, энергетиканы әртараптандыру бойынша шешімдер қабылдауды жеделдетеді. Осының барлығы COVID-19 дағдарысының ықпалымен жаһандық және қазақстандық энергетикадағы алдағы өзгерістерді көрсетеді. Баламалы энергетика күн сайын өзекті бола түсуде, бұл ЖЭК-тің дамуына әсер етеді. 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейін ЖЭК белгіленген қуатының әлемдік жиынтық орташа жылдық өсу қарқыны 8% - ды құрады, бұл ретте әлемдік энергетика саласының белгіленген қуатындағы ЖЭК үлесі соңғы 10 жылда 25% - дан 37% - ға дейін өсті.

Powerexpo Almaty 2021 көрмесінде энергия үнемдеу, ЖЭК дамыту және энергия тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін отандық және халықаралық ірі компаниялардың өкілдері талқылайды. Биыл әлемнің 10 елінен 70-тен астам компания өздерінің жаңа әзірлемелері мен жетістіктерін ұсынады. Өз қатысуын Австрия, Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Молдова, Словакия, АҚШ және Чех Республикасының компаниялары растады. Красноярск өлкесінің, Мәскеу облысының, Чуваш Республикасының және Еділ аймағының Халықаралық сауда орталығының компаниялары ұсынған Ресей Федерациясының ұжымдық стендтері көрмеде Энергетика, жарықтандыру және энергия үнемдеу саласындағы ерекше әзірлемелерді ұсынады. Энергетика және энергия үнемдеу саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен жетістіктерді, прогрессивті шешімдер мен технологияларды Молдовадан Horus Energy, АҚШ-тан Altec Worldwide, Германиядан ETW Energietechnik, Словакиядан Kiwa SK, S. R. O. сияқты компаниялар ұсынады.

Helios PV(KZ), Three Energy, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Галактика, Cink Hydro-Energy сияқты компаниялар көрмеде күн, жел және су электр станцияларын қоса алғанда, қуаты аз жаңартылатын электр энергиясын ұсынады.

Powerexpo Almaty экспозициясы электротехника, энергияның баламалы көздері, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, кабель-өткізгіш өнімдер, жарықтандыру, өнеркәсіптік жарық техникасы сияқты бөлімдерден тұрады.

Көрме аясында салалық мәселелерді шешуге, тәжірибе алмасуға және жаңа практикалық шешімдерді енгізуге арналған тақырыптық семинарлар мен дөңгелек үстелдер дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

Мамандарға арналған іскерлік бағдарлама:

  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ ұйымдастырған «Энергетикадағы энергия тиімділігі және энергия үнемдеу технологиялары» дөңгелек үстелі.
  • «ЭКРА Қазақстан» компаниясының «СШС жобаларын жүзеге асыру тәжірибесі. Цифрлық шағын станциялардың жобасын әзірлеу, баптау және пайдалану кезінде мамандарға қойылатын талаптар» тақырыбындағы семинары.
  • «Қазақстандық Энергоаудиторлар Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырған энергоаудит бойынша семинар.

Powerexpo Almaty көрмесінің ұйымдастырушысы Iteca қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Ресми қолдауды Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания, Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы – ҚЭҚ, Қазақстан Республикасының инженер-энергетиктер Одағы көрсетті.

Көрмеге билетті тек сілтеме бойынша келудің ыңғайлы уақытын таңдау мүмкіндігімен алдын ала онлайн тіркеу арқылы алуға болады: https://cutt.ly/ARg3uow