Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау” Қазақстандық халықаралық көрмесі

21-23 ҚАЗАН 2020

Алматы, Қазақстан

2019 сәлем хаттар

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

“Атакент” ҚЫІО компаниясының және өзімнің атымнан 18-ші Powerexpo Almaty 2019 “Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау” Қазақстандық халықаралық көрмесінің қатысушылары мен келушілерін сәлемдеуге рұқсат етіңіздер.

Электр энергетика тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, көлік, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жұмыстарында маңызды орын алады. Электрсіз заманауи қоғамның тіршілігін елестету қиын.

Powerexpo Almaty көрмесі – 18 жыл бойы отандық және шет елдік электротехникалық өнеркәсіптің дамуын көрсетіп келе жатқан бірегей көрмелік жоба. Жыл сайын оқиға халықаралық кооперацияға, отандық электрэнергетикалық және электротехникалық кәсіпорындардың жаңғыруына, олардың ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға көмектеседі.

Көрменің саладағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыруға, іскерлік ынтымақтастықтың кеңеюіне және энергетика мен электротехника салаларында, сонымен қатар байланысты салаларда жаңа жобаларды іске қосуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Көрменің барлық қатысушыларына және қонақтарына жемісті және нәтижелі жұмыс, алға қойған мақсаттарына жетуді тілеймін!

Құрметпен,

Калык Абдуллаев
«Атакент» ҚЫІО АҚ
Директорлар кеңесінің төрағасы