Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау” Қазақстандық халықаралық көрмесі

21-23 ҚАЗАН 2020

Алматы, Қазақстан

Отзывы посетителей PowerExpo Almaty 2019

Сергей Жуковский, «AAEngineering Group» ЖШС Электрик және ТҮ АББ бөлімінің басшысы

Көрменің мазмұны өте жақсы. Кейбір компаниялар тіпті таңғалдырды. Мен әзірге әлі тәжірибеде көрмеген көптеген жаңалықтарды көрдім. Маған ресейліктердің құрғақ трансформаторлар бойынша ұсыныстары және Алматыда энерготехникалық құрал-жабдық өндіретін зауыт салуды жоспарлап жатқан Малайзиялық компания ұнады. Powerexpo Almaty көрмесіне жыл сайын келемін. Бұл жерде ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастар орнатылатын компаниялармен кездесуге болады. Бұдан басқа, бұл жерде әр күз сайын, мен әріптестеріммен, серіктестеріммен, клиенттеріммен кездесемін және бұл кездесулер әрдайым жағымды және пайдалы өтеді.


Илья Лебедев, «DIA Engineering Group» ЖШС Техникалық директоры

Powerexpo Almaty көрмесін жіберіп алмауға тырысамын. Бұл салада жүргеніме 16 жыл болды және мені бірнәрсемен таңғалдыру қиын. Бірақ бүгін босқа келмеген екенмін. Жұмысыма қажетті бір қатар жаңа пайдалы байланыстар орнаттым. «Уралэнергосервис» сияқты компаниямен ынтымақтастық туралы тікелей келісімге қол жеткізгеніме қуаныштымын. Біздің компаниямыз үшін – бұл маңызды. Біз желілік қорғаныспен, энергетикалық жобаларды әзірлеумен, жеткізумен және баптаумен айналысамыз. Біз көрмеде өндірісте қолданғымыз келетін жаңа қажетті құрал-жабдық таптық. Көрме өте пайдалы деп есептеймін.


Николай Емец, Жобалаушы-инженер «MTS Company LTD»

Powerexpo Almaty көрмесі өте ұнады: елдер мен қатысушылардың алуандығы, өнімдердің үлкен ассортименті, бағалардың кең ауқымы. Біз тұрғын үй кешендерін саламыз және сол себепті бізді, жақын болашақта сұраныста болатындардың барлығы, инновациялар қызықтырады. Көрмеде үдерістер жақсы бақыланады, нарықтың қайда жылжып бара жатқаны көрінеді. Бізді жарықдиод технологиялары, баламалы энергия көздері, энергия тиімділік, жалпы алғанда, трансформаторлық қосалқы станциялардан бастап кабелдерге дейін барлық электр техникалық өнімдер қызықтырады. Бұл жерде біз іздегеніміздің бәрін таптық. Бұндай көрмелер, энергетика саласында жұмыс істейтін адамдар үшін өте қажет.  


Шыңғыс Смағұлов, «Smart Energi Services» ЖШС Директоры

Мен Powerexpo Almaty көрмесі үшін арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келдім. Бұл жерде бұрын жұмыс істеп көрмеген кәсіпорындардың өкілдерімен кездестім. Кейбіреулерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап үлгердік және екі жақ та бірлескен жобалардың ықтималды түрлерінен ырза болып қалды. Бұдан басқа, өте пайдалы байланыстар орнаттым. Телефонмен немесе интернетпен байланысқаннан гөрі, тікелей танысқан әрдайым жақсырақ. Компанияда қандай адамдар жұмыс істейтінін және олардың мәселелерді қалай шешетінін түсінесің. Көрмеде өнімдердің кең түрлері бар, бізді кабелдік-өтгізгіш өнімдер көбірек қызықтырады. Бұл жерде ең жақсы шарттардағы ең ұтымды ұсынастарға тоқтау мүмкіндігі бар.


Ұлан Өсербаев, Жобалық менеджер «HELIOS PV(KZ)LLP» ЖШС

Біздің компаниямыз күн сәулелік электір станциясын салумен айналысады. Бізді күш жабдығы, тұрақты тоқтар, автоматика, релелік қорғаныс және т.б. қызықтырады. Powerexpo Almaty көрмесінде әр компания өзіне серіктес таба алады. Бұл жерде өте жан-жақты делегаттар құрамы бар. Күш жабдығынан бастап әлсіз тоқты жабдықтарға дейін барлығы ұсынылған. Үлкен таңдау, ең бастысы да инженерлерге арналған. Біз тіке жүздесіп, ынтымақтастық туралы сөйлескіміз келіп жүрген компаниялар бар еді. 4 ай бойы хат алмасып тұрдық, ал Мәскеуге барып қайту мүмкін болмай жүрген. Олармен осы көрмеде кездестік және барлық мәселелерді талқыладық. Жалпы айтқанда, біз бұл көрмеге жыл сайын келеміз және әрдайым өзімізге жаңа бір нәрселер табамыз. Powerexpo Almaty байланыстарды кеңейтетін, коммерциялық мәселелерді шешетін, бизнес-үдерістерді жылдамдататын өте пайдалы шара деп есептеймін.